Иман дегеніміз не?
Иман дегеніміз не?

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Алла Тағаладан жеткізгендерінің барлығына шынайы сеніп, жүрекпен қабылдауды иман дейді. Бірақ адамға осы өмірінде және бақилық болған соң, мұсылманша қарым-қатынас жасалуы үшін кәлимә шәһәдатты тілмен айтып, оған шын жүрегімен сенуі керек.

Иманның шарты алтау. Бұл шарт "Әмәнтуде" баяндалған.

آمَنْتُ بِاللهِ وَ مَلَئِكَتِهٍ وَ كُتُبِهِ وَ رُسُلِهِ وَ اْليَوْمِ اْلآخِرِ وَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَ شَرِّهِ مِنَ اللهِ
تَعَالَى وَ اْلبَعْثُ بَعْدَ اْلمَوْتِ حَقٌّ * اَشْهَدُاَنْ لآ اِلَهَ اِلاَّ اَللهُ * وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ وُرَسُولُهُ

«Әмәнту билләһи уә мәләикәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шарриһи миналлаһи тағала уәл-бағсу бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расүлүһ».

Мағынасы: «Мен Алла Тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға және жақсылық пен жамандықтың Алла Тағаланың жаратуымен болатындығына сендім. Өлгеннен кейін қайта тірілу хақ. Алла Тағаладан өзге құдай жоқтығына және Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның құлы әрі пайғамбары екендігіне куәлік етемін».

Нұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫНұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫ
7 лет назад 9391
0 комментариев