Періштелерге иман - адам денесінде қанша періште бар?
Иманның екінші шарты - періштелерге сену. Періштелер - кез-келген бейнеге ене алатын, нұрдан жаратылған рухани болмыс. Періштелер ер-әйел болып жынысқа бөлінбейді. Олар Алланың әміріне әсте қарсы шықпайды. Шаршап-шалдықпайды, ішіп-жемейді. Бірі көкте, бірі жерде, енді бірі ғарышта өз міндеттерін мүлтіксіз атқарады. Періштелер санының қанша екендігі тек Аллаға мәлім. Ішіндегі төрт үлкен періште періштелердің пайғамбарлары. Төрт үлкен періште: Жәбірейіл (ғ.с) - Алла Тағаланың кітаптарын пайғамбарларға жеткізуге, яғни уахи ісіне жауапты. Алла Тағала мен Пайғамбар арасындағы дәнекер. Микаил (ғ.с)...