Періштелерге иман - адам денесінде қанша періште бар?
Періштелерге иман - адам денесінде қанша періште бар?

Иманның екінші шарты - періштелерге сену.

Періштелер - кез-келген бейнеге ене алатын, нұрдан жаратылған рухани болмыс. Періштелер ер-әйел болып жынысқа бөлінбейді. Олар Алланың әміріне әсте қарсы шықпайды. Шаршап-шалдықпайды, ішіп-жемейді. Бірі көкте, бірі жерде, енді бірі ғарышта өз міндеттерін мүлтіксіз атқарады. Періштелер санының қанша екендігі тек Аллаға мәлім. Ішіндегі төрт үлкен періште періштелердің пайғамбарлары.

Төрт үлкен періште:

  1. Жәбірейіл (ғ.с) - Алла Тағаланың кітаптарын пайғамбарларға жеткізуге, яғни уахи ісіне жауапты. Алла Тағала мен Пайғамбар арасындағы дәнекер.
  2. Микаил (ғ.с) - Желдің соғуы, жаңбырдың жаууы және өсімдіктердің өсіп жетілуі т.с.с. табиғи құбылыстарға жауапты.
  3. Исрафил (ғ.с) - Сүрдің үрленуі, қиямет күннің болуы және адамзат пен жындардың қайта тірілуі сияқты істерге жауапты.
  4. Әзірейіл (ғ.с) - Ажалы жеткендердің рухын алатын періште.

Сондай-ақ, әр адамның бойында өз міндеттерін атқаратын 384 періште бар. Бұлардың ішінде Кираман Кәтибин атты екі періште адамның барлық амалы мен іс-әрекетін жазып отырады. Он алтысы Хафаза періштелері. Тағы екеуі адамның дәрет қажетін орындау үшін тағайындалған. Бұлардың жалпы саны жиырма. Ал, қалған 364 періште адам денесіндегі 364 бөлік сүйекті ұстап тұруға міндеттелген. Бұл періштелерден біреуі ұстаған сүйегін жібере салса, ол сүйек жұмыс істемейі. Яғни, сал болып қалады. Дәрет қажетін өтейтін періштелер бұл міндетті іркілместен қабыл еткендері үшін дәрежелері басқаларынан жоғары болған. Осы себепті дәретке отырғаннан кейін: Әлхамдү лиллә һилләзи әзһәбә ғаннәл әзә уә ғафани мин зәлик (Мағынасы: Бізді қиындықтан құтқарған, қысылуымызды жеңілдеткен Аллаға мақтау-мадақ болсын)" - деп дұға ету керек. Бұл дұғаны үнемі оқып жүргендер көптеген аурулардан алыс болады. Тіпті, простатит ауруының не екенін білмейді. Негізінде, көпсанды аурулар  ардақты Пайғамбарымыздың сүннетімен амал етпегендіктен туындап жатады. Сондықтан, сүйікті Пайғамбарымыздың сүннетін барынша орындауға тырысып, Алланың тыйғандарынан алыстап, әмір еткен нәрселерін орындап жүрсек, ешқандай ауру мен кесел бізге жақындай алмайды.

періште, иман, сүннет, простатит
Нұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫНұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫ
7 жыл бұрын 21045
0 пікір
Блог туралы