Қабыл болсын Құрбан Айт берекелі
Қабыл болсын Құрбан Айт берекелі

Қабыл болсын Айтыңыз берекелі

Ерте тұрып қарсы алып таңды нұрлы,
Мерекеге бастайық қам қылуды.
Мұсылманды құттықтап Құрбан Айтпен,
Сездірейік жақынға жан жылуды.

Құтты күннің бабалар бас иетін,
Ұқтырайық баршаға қасиетін.
Мұсылмандық әдепке көңіл бөліп,
Орындайық Ұлылар өсиетін.

Бой дәретпен әдемі киім киіп,
Мисуак қолдан, иіссу сеп күйің кіріп.
Садақа бер, сақтасын ақыретте,
Қойған болсаң құтыға тиын жиіп.

Көтеріңкі көңілмен қадам басып,
Шығыңыз дос-жаранмен амандасып.
Айт намаз оқылғанша сабыр сақтап,
Оразадай жемеңіз тағамды асып.

Жөнсіз істен дұрыс қой сақтанғаның,
Жөн болар тәкбір айтып шаттанғаның.
Арнап шалған құрбанның еті болсын,
Айт күнінде алғашқы татқан дәмің.

Жүріп барғын мешітке құрап қадам,
Сауаптар бар адымға әр аттаған.
Қайтарыңда келерсің басқа жолмен,
Артқа тастап әдетті ұнатпаған.

Алданбаңыз!
Бұл жалған сынақ қоғам,
Кім бар дейсіз өмірде тұрақтаған?!
Жақсы қойды Аллаға арнап шалғын,
Құрбанына мінеді сыратта адам.

Қабыл болсын Айтыңыз берекелі,
Үйіп берсін Жаратқан берекені.
Аллаға жақындайтын амал жасап,
Өткізіңіз ең жақсы мерекені!

© Нұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫ

Мұсылман, Құрбан айт, Ұлы мереке
Нұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫНұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫ
7 жыл бұрын 5274
0 пікір
Блог туралы