Өлетінін білсе де...
Өлетінін білсе де...
Өлетінін білсе де бір күн адам, 
Тыйылмай жүр, өлместей мың күнәдан.
Алла үйінің есігі құлыптанып, 
Жын ойнақты жайнатты түнгі қалам. 
Бал-қаймақты сауапқа қол тигізбей, 
Алыстырды жалғанмен сылдыраған. 
Құтылатын жолдармен ешкім жүрмей, 
Құрдым іздеп сабылды, құз-қиядан. 
Құлақ түрмей ескерту, насихатқа, 
Қайта жүрді жерімен бір құлаған. 
Қайда кетіп барасың, ей адамдар? 
Бұраң жолмен бағыты бұлдыраған... 
Нұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫНұрғазы НҰРБОЛАТҰЛЫ
8 лет назад 5982
0 комментариев
Прямой эфир