Адам маймылдан емес, маймыл адамнан азған!
Нұх Пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етеді екен. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай кейде жылап жібереді екен. Ол: - Мына жындының ісін қараңдар, су жоқ жерге кеме жасап жатыр. Кемеге барлық жануарды жинамақшы. Кемеде қасқыр мен қой, түлкі мен тауық қайтып бірге тұрады? - деп әжуалайды екен. Бір күні апат басталып, барлық жануар Хақтың әмірімен кемеге мінеді. Кеменің есігі жабылар соңғы сәтте Жәбірейіл періште бір мақлұқты сүйреп әкеліп: - Әй, Нұх, мынау - сені әжуалап, талай рет жылатқан қылжақбас. Момынды мазақтаған - Құдаймен ойнағанмен бірдей. Сені нала...